Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Талғар ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Талғар ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 

Жалпы мәлімет

          Аудан  бойынша    жалпы  білім  беретін  42    мектеп  жұмыс істейді.    Оның  ішінде:  42 орта,  2 мектепаралық  оқу – өндірістік  комбинаты, 5 мектептен  тыс қосымша оқыту мекемелері бар.  

           Соңғы  жылдары   ауданда  жекеменшік  мектептер саны  артуда. Атап  айтсақ;   «Арыстан»   мамандырылған  лицейі,   Талғар  қаласындағы  № 1 жеке –  лицейі  және  «Дана»  жекеменшік  мектептері  жұмыс  жүргізуде.

          Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  білім  беру ісіне, ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл  аударып,  ауыл  мектептерінің  жағдайын  басты  назарда ұстауда.  Жыл сайын ауданымызда жаңа мектептер бой көтеріп, ескі және апатты жағдайдағы мектептерге күрделі жөндеу жасалуда. 

        Аудан мектептерінің барлығы жаңа типті компьютерлермен қамтамасыз  етілген. Ауданның  34 мектебіне  әр түрлі жаңа модификациялық құрылғылармен жабдықталған химия,  биология,  физика және  лингофонды – мултьмедиялық   кабинеттер мен интерактивті тақталар орнатылған. Бүгінгі таңда, ауданның  барлық мектептері   интернет  желісіне қосылған.  «Bilim Media» порталымен  30 мектеп онлайн , 14 офлайн  режимінде жұмыс жасауда.

         2017 – 2018 оқу  жылында  ұлттық  бірыңғай  тестілеу қорытындысы  бойынша, 83 оқушы   «Алтын  белгі»  иегері  атанды.  Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  әр  өңірде мектепке  дейінгі  тәрбие мен  оқыту  ұйымдарының  қызметін  қамтамасыз  ету   мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  бойынша  жекеменшік  балабақшалар  санын  арттыру  туралы  берген  тапсырмаларын  негізге  ала  отырып,  ауданымызда балабақшалар  саны жылдан – жылға  артуда.  Мемлекеттік   балабақшалар  саны  - 6,  мемлекеттік тапсырысы бойынша – 97 жекеменшік  балабақшалар  ашылды. 

Copyright © 2017, Алматы облысы Талғар  ауданының білім бөлімі

 

КІРУ