Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Талғар ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Талғар ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 

2018-2019 оқу жылдағы ҰБТ өткізу ерекшеліктері

Ұлттық бірыңғай тестілеу: жылына 4 рет

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы 2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Сонымен қатар, оқуға түсушілерге көмек ретінде бірқатар жаңалықтар қарастырылған.

2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет ақылы негізде (қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз) өткізіледі.

Бұл ретте білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым-шілде айларында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет.

2019 жылғы 15 - 20 қаңтар аралығында өткізілетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 2018 жылдың 1-15 желтоқсаны аралығында қабылданады. Осы тестілеуге орта мектептердің 11(12) сынып оқушылары және бірінші академиялық оқу кезеңін аяқтағанға дейін ЖОО-ға қабылданған тұлғалар, сондай-ақ шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобынан басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысқысы келетін тұлғалар қатыса алады.

ҰБТ-ны табысты тапсырған кезде 11(12) сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады.

Сондай-ақ шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларды "Шет тілі" пәні бойынша ҰБТ-дан босату нормасы енгізіледі.

Бұл тестілеу ақылы түрде өткізіледі.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Төлемнің атауы – "Кешенді тестілеу үшін" (2242 теңге).

Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

                           Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

Бейінді пәндер комбинациясы

 

1 бейінді пән

2 бейінді пән

математика

физика

математика

география

биология

химия

биология

география

шет тілі

дүниежүзі тарихы

география

шет тілі

дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

дүниежүзі тарихы

география

қазақ тілі / орыс тілі

 қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті

шығармашылық емтихан

шығармашылық емтихан

     

Еңбекшіқазақ және Талғар ауданының түлектерінен өтініштер Есік қаласы, Райымбек атындағы мектеп ғимаратында орналасқан тестілеу  өткізу пунктінде қабылданады. Байланыс телефоны:8(72775)71623.

ҰТО-ның Есік қаласындағы филиалының басшысы Қ.А.Касымова

Copyright © 2017, Алматы облысы Талғар  ауданының білім бөлімі

 

КІРУ